2 Қыркүйек 2026, 14:18 Фото: видеодан скриншот

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында екі алтын медаль жеңіп алды.

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан екі алтын медаль жеңіп алды.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрталап Керім финалдық белдесуде Қырғызстан спортшысынан басым түсіп, жарыс чемпионы атанды. Ал 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан да финалда қырғыз спортшысымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Қазақстан құрамасының дүбірлі додадағы алғашқы алтын медальдары, - деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, аударыспақ – ат үстінде күш пен ептілікті, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақтың дәстүрлі ұлттық спорты.

Бүгінде елімізде 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде шұғылданады.