2 Қыркүйек 2026, 17:36 Фото: gov.kz

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Нұрсұлтан Есімбай қола жүлдегер атанды

Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты.

Жарысқа қатысқан қазақстандық Нұрсұлтан Есімбай – қола жүлдегер атанды. 

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында таяқ тартудан (маст-рестлинг) Қазақстан құрамасының спортшысы Нұрсұлтан Есімбай 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3-орын иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алған болатын