Вейп пен тыйымдар: шын мәнінде мәселе неде?
Осымен екінші жыл қатарынан Қазақстанда вейптердің теріс әсері мәселесін қалай шешуге болатыны туралы даулар толастар емес.
2023 жылдың 10 мамырында Мәжіліс депутаттары вейптердің қауіпті өсіп жатқанына назар аударып, толық тыйым салуды ұсынды. Ал сарапшылар болса, тыйым мәселені шешпейтінін, керісінше, көлеңкелі нарықтың өсуіне әсер етуі мүмкін екенін айтады.
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау депутаттық сауал жолдап, оның аясында мәселенің басты себептері вейптердің қолжетімділігі, сондай-ақ өнімнің бақылаусыз жарнамалануы болып отырғанын атап өткен. «Вейп индустриясы балалар мен жастарға бағытталған маркетингті пайдаланады. Вейп сатушыларының маркетингтік тәсілі оларды «зиянсыз» және балаларға арналған дегенге саяды. Бұл қауіпті өнімді баланың көз деңгейіндегі сауда нүктелеріне тәттілердің, сағыздың және т.б. жанында орналастыруға мүмкіндік берген. Сондай-ақ, вейптердің қаптамалары түрлі-түсті, тартымды суреттермен безендірілген және балалар мен жасөспірімдер аудиториясына бейімделген. Жанып тұрған иіс пен түтіннің болмауы ата-аналарға балалардың тәуелділігі туралы ұзақ уақыт бойында білуге мүмкіндік бермейді», - дейді Тау. Қорытындысында депутат жағдайды тек вейптер мен олардың басқа түрлеріне толық тыйым салу арқылы құтқарады деген қорытындыға келген.
Көрші елдердің вейп-өнім тұтынушылардың өсуіне қарсы күрестегі тәжірибесі керісінше жағдайды аңғартып отыр. Мәселен, Ресей Федерациясында былтырдан бастап вейпке тыйым салудың ықтимал нұсқалары талқыланған, бірақ үкіметтегілер басқа жолын тапқан.
2022 жылдың шілдесінде Ресейдің Өндіріс және сауда министрлігі вейптер мен электронды темекілерге тыйым салуға қарсы болды. Тыйым салу қара нарықтың пайда болуына әкеледі, онда өнімнің сапасы түсініксіз, сонымен қатар, салық салынатын база жоғалады, деп санайды министрліктегілер. Осы көктемде Үкімет өз шешімін дайындап шықты: саланы бақылау мен реттеуді күшейту. Күтілетін өзгерістердің негізгі тармақтарының бірі – алкогольді жарнамалауға ұқсас вейп жарнамаларын шектеу. Яғни, жақын арада елде құрамында никотині бар сұйықтықтар мен оларды тұтынуға арналған құрылғыларды көрсетуге тыйым салынады.
Яғни, балаларды алкоголь мен темекі өнімдерінің жарнамасынан, сондай-ақ құрамында никотині бар өнімдер мен осындай өнімдерді тұтынуға арналған құрылғылардың жарнамасынан қорғауды қарастыру. Осылайша «Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» заңды құрамында никотині бар өнімді және оны ақпараттық өнімде тұтынуға арналған құрылғыларды көрсетпей-ақ эпизодтық түрде еске салатын 12 жастан асқан балалар үшін рұқсат етілетіні туралы нормамен толықтыру ұсынылды, бірақ бұл мұндай өнімді тұтыну қаупі көрсетілген жағдайда ғана қолданылады.
Заңгер, «ILF Adilet & Alem» халықаралық заң компаниясының негізін қалаушы Әйгерім Берекешеваның айтуынша, вейптерді реттеу мәселесі өте күрделі және көпқырлы.
Вейпинг дәстүрлі темекі шегуге қарағанда зиян емес деп саналса да, денсаулыққа қауіп төндіретінін есте ұстаған жөн. Осы тұрғыдан алғанда, реттеудің кейбір деңгейі қоғамның қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін пайдалы болуы мүмкін. Екінші жағынан, тым қатаң шектеулер адамдарды заңдарды айналып өтуге немесе реттелмейтін және ықтимал қауіпті өнімдерді пайдалануға итермелеуі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, вейп заңнамасындағы нақты демаркация қандай өнімдер мен әрекеттер заңды және қауіпсіз деп саналатынын анықтауға көмектеседі, - дейді заңгер.
Сонымен қатар, Берекешеваның айтуынша, реттеу жасөспірімдер мен жастарға вейпингтің зияны туралы ақпаратқа қол жеткізуге және олардың осы өнімдерді сатып алу мүмкіндігін шектеуге көмектеседі.
Заңгерлер тек 21 жастан асқан адамдарға сату, сондай-ақ өнімнің сапасын растайтын тиісті құжаттардың болуы сияқты талаптарды сақтаудың маңызын атап отыр. Олардың пікірінше, өнім қаптамасына жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салу туралы жазулар енгізу де маңызды.
Айта кетейік, тауардың сапасы мен түпнұсқалығын бақылау туралы айтатын болсақ, бүгінде Қазақстанда цифрлық таңбалау тәртібі бар. Сарапшылар таңбалаудың негізгі құндылығы тауардың өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі бүкіл жолын бақылау мүмкіндігі бар екеніне сенімді. Таңбалау және қадағалау жүйесінің көмегімен өнімнің жүріп өтер жолын толықтай бақылауға болады: өндіруші, импорттаушы, дистрибьютор, сатушы және соңғы тұтынушы.