Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық табылды
Бұл жайында оның туыстары мәлімдеді.
Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық Әсем Әубәкір табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сүйінші жаңалықты бойжеткеннің туыстары бөлісті. Жақындарының айтуынша, қыздың қазіргі жағдайы жайлы әзірге толық ақпарат берілмейді.
Маған әзірге оның жағдайы жайында айтпауымды өтінді. Сыртқы істер министрлігіне, полицияға, Ішкі істер департаментіне және көмектескен барлық адамға алғысымды білдіремін. Қазір басты мәселе – ұшып бару. Тезірек жету керек. Сондықтан сағаты аз, ең жылдам рейс болса болды, бағасы қандай болса да бәрібір. Ең бастысы – оған тезірек жету. Қазір ол консул Тимурмен бірге. Ол жанында жүр. Мен оны видеоқоңырау арқылы көрдім. Барлығыңа сәлем жолдады. Әзірге бұдан басқа ештеңе айта алмаймын. Ең бастысы – оны тапты. Барлығыңызға рахмет, - деді Әсемнің әпкесі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық бойжеткен Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені туралы жаздық.
Сондай-ақ жоғалған бойжеткенге қатысты СІМ мәлімдеме жасады.
- ЕО-ның бес елі мигранттарды Руандаға депортациялауға келісті 05:43
- Астанада мас күйінде электромопед жүргізген жігіт 20 тәулікке қамалды 01:45
- Елімізде техногендік қалдықтарды игеру құқығы аукционға шығарылады 00:25
- Қойма мен жүк көліктері өртенді 16.11.2026
- Қазақстанда фермерлік кәсіпорындар саны 21 мыңға жетті 16.11.2026
- Қазақстанда биыл көліктерден 595 заңсыз жанармай багы алынды 16.11.2026
- Қазақстанда 1 242 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр 16.11.2026