Кеше 2026, 22:52
Фото: скрин
Вьетнамда жоғалған қазақстандыққа қатысты СІМ мәлімдеме жасады
Вьетнамда жоғалған Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де пікір білдірді.
Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кетті. Жоғалған Әсемнің әпкесі әлеуметтік желіде көмек сұрап, оны іздеуге жұртшылықтан қолдау көрсетуін өтінді. Оның айтуынша, Әсем 6 наурыз күні Хошимин қаласында байланысқа шықпай қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әпкесінің сөзінше, 26 жастағы Әсем Ханой қаласына ұшып барып, Қазақстанның консулымен кездесуді жоспарлаған. Алайда әуежайдан шамамен 20 шақырым жерде ол байланысқа шығуды тоқтатқан. Туыстарының айтуынша, жоғалар алдында Әсем қатты қорқып жүргенін айтып, біреулер өзін аңдып жүргенін жеткізген.
Осы жағдайға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де пікір білдірді.
Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі азаматшаның туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзырлы органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оның орналасқан жерін анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Жағдай ҚР СІМ бақылауында, – деп жазылған ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, Әсемнің отбасы Вьетнамда немесе көрші елдерде жүрген азаматтардан, сондай-ақ сол жақта таныстары немесе туыстары бар адамдардан көмек сұрады. Әсіресе WhatsApp және Telegram желілеріндегі туристік және жергілікті қауымдастықтарға назар аудару өтініші айтылды.