2 Қараша 2025 2025, 16:15
Фото: Report
Вьетнамда су тасқынынан қаза тапқандар саны 35 адамға жетті
Вьетнамның орталық аймақтарын шарпыған нөсер мен су тасқыны салдарынан 35 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.
Вьетнамның орталық аймақтарын шарпыған нөсер мен су тасқыны салдарынан 35 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және бөгеттерді басқару жөніндегі басқарманың мәліметінше, қазіргі уақытта 16,5 мыңнан астам үй су астында қалды, шамамен 6 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптары мен бақтар суға батқан. Сонымен қатар 75 мыңнан астам үй электр жарығынсыз отыр.
Су тасқынының салдарын жою және зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Вьетнам үкіметі 450 миллиард донг (шамамен 18 миллион АҚШ доллары) бөлді. Бұл қаражат елдің орталық бөлігіндегі ең көп зардап шеккен төрт провинцияға бағытталмақ.
Қазіргі таңда жергілікті билік өкілдері тұрғындарды қауіпті аймақтардан көшіруді жалғастырып, бұзылған инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.