Вьетнамда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді
Вьетнамда маймыл шешегі вирусын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТАСС агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, елдің денсаулық сақтау министрлігі өткен айда маймыл шешегі вирусына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейткен болатын.
Ауру анықталған өлкедегі Вьетнамға көрші мемлекеттерден немесе өңірлерден келгендердің барлығы 21 күн бойы денсаулығына өздігінен бақылау жүргізуі тиіс. Ал егер бөртпе, бас ауруы, қызба, қалтырау, тамақтың ауырсынуы, шаршағыштық немесе лимфа түйіндерінің ісінуі сынды симптомдар байқалған жағдайда медициналық мекемеге жүгінуге міндеттеліп отыр.
Мұндай белгілер анықталған адамдар уақытша оқшауланып, әрі қарай тексерістен өтіп, егер қажет болса, ауруханаға жатқызылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалық дәрігерлер ер адамның бетіне күрделі ота жасады
Өзгелердің жаңалығы