Ветеринарлар қатысқан қылмыстық схема: БҚО-да мал ұрлығы әшкереленді
Күдіктілер қамауға алынып, тергеуге белсенді түрде жәрдемдесуде.
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында мал ұрлығының алдын алу мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің құқықтарын қорғауда жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Прокуратураның нұсқаулар беруі және жасырын тергеу әрекеттеріне бастамашылық етуі арқылы облыс аумағында ұзақ уақыт бойы мал ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.
Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ветеринариялық дәрігерлер болғаны және олар ұрланған малды деректер базасы арқылы заңдастыру жолымен өткізу схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеуге белсенді түрде жәрдемдесуде, – делінген БҚО прокуратурасының хабарламасында.
Облыс прокуратурасы бұл жағдайдың осындай қылмыстарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын айғақтайтынын атап өтеді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайды.
- Алматыда ескі автокөліктерді жаңасына ауыстыру бағдарламасы енгізілуі мүмкін 10:07
- Қылмыс жасалмай тұрып анықталады: Қазақстанда жаңа жүйе іске қосылды 09:53
- Бірінші Құрылтайға кімдер барады? 545 кандидаттың портреті 09:32
- Астанада 22-қабаттан құлаған қыз қаза тапты: Полиция тергеу бастады 09:14
- Биыл Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша 7 жоба іске қосылды 08:56
- Қазақстанда жаңа өнім астығының түсімі төрт есеге жуық артты 08:40
- Қазақстан құрамасы халықаралық география олимпиадасында екінші орын алды 08:22