Ветеринария мамандығы бойынша ауылдық квота 35 %-ға ұлғайтылды
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ветеринария жүйесін реформалау тақырыбында өткен сараптамалық дөңгелек үстелде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аграрлық ЖОО-лар ветеринария бойынша білім беру бағдарламасына қойылатын талаптардың тізбесін бекітті. Жұмыс берушілер мен халықаралық мамандардың пікірлерін ескере отырып, ветеринария бойынша барлық білім беру бағдарламаларын жаңартты. Биыл ветеринариялық мамандықтар бойынша ауылдық квота 30%-дан 35%-ға дейін артты,- дейді Асқар Жақыпбаев.
Ал ветеринария бойынша білім беру грантының саны 825-тен 925 грантқа дейін артқан. Білім беру гранттарының құны мемлекеттік жоғары оқу орындарында 635 мыңнан 955,8 мың теңгеге дейін, ұлттық жоғары оқу орындарында 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы