Ветеринар итке беретін дәріні жұтып қойған

Швецияның Кристианстад қаласында ветеринар итті ұйықтату кезінде оған арналған затты байқамай жұтып қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Aftonbladet басылымына сілтеме жасап.
Итті ұйықтату үшін арнайы тамақ (фрикаделка) жасалған. Алғашқы төрт тағамды ит еш қиындықсыз жұтқан. Алайда бесіншісін бермек болғанда тосын жағдай болды, сұйықтық шашырап дәрігердің аузына кіріп кеткен. Ветеринар оны абайсызда жұтып қойған.
Араға біраз уақыт салып, дәрігер бас айналу мен жүрек айну белгілерін сезе бастайды. Оған шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген. Ақырында ит ұйықтатылған, ал бұл оқиға өндірістік жарақат ретінде тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңа энергетика министрі ант берді
Келесі жаңалық
Он бір қалада ауа ластанады
Өзгелердің жаңалығы