Бүгiн 2026, 07:14 Фото: ҰОК/Сали Сабиров, Тұрар Қазанғапов

Веронада Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті

Спортшылар шеруіне 92 елден шамамен 1,5 мың олимпиадашы қатысты.

Верона қаласындағы көне Арена ди Верона амфитеатрында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 «Beauty in Action» ұранымен ұйымдастырылған шараны 8-12 мың көрермен тамашалады. Спортшылар шеруіне 92 елден шамамен 1,5 мың олимпиадашы қатысты.

Екі жарым сағатқа созылған бағдарлама итальян операсы мен заманауи өнерге арналды. Сахнада Джузеппе Верди шығармаларынан қойылымдар көрсетіліп, әнші Акилле Лауро, диджей Габри Понте және балет әртісі Роберто Болле өнер көрсетті. Отшашудың орнына жарық шоуы ұсынылды.

Салтанат барысында Олимпиада туы 2030 жылғы ойындарды қабылдайтын Францияға табысталды. Халықаралық Олимпиада комитеті президенті Кирсти Ковентри өткен ойындарды «шынымен сиқырлы» деп бағалады.

Рәсім соңында Олимпиада алауы Милан мен Кортина-д'Ампеццо қалаларында сөндірілді.