Бүгiн 2026, 07:14
Фото: depositphotos.com
АҚШ Ираннан ядролық қарудан бас тарту кепілдігін күтеді
АҚШ вице-президенті әзірге нақты нәтижелер байқалмағанын, алайда келіссөздерден оң өзгеріс күтілетінін жеткізді.
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ұстанымды түсіндіріп, басты мақсат – Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Оның сөзінше, АҚШ Ираннан ядролық қару жасауға ұмтылмайтыны және оны тез әзірлеуге мүмкіндік беретін құралдарды пайдаланбайтыны туралы нақты кепілдік күтеді.
Вэнс бұл талапты президент Дональд Трамптың негізгі сыртқы саяси мақсаты деп атады. Сонымен қатар, ол Иранның ядролық бағдарламасы әлсірегенін айтқанымен, болашақта мұндай қаруды жасау мүмкіндігін толық болдырмау үшін күш салу қажет екенін атап өтті.
АҚШ вице-президенті әзірге нақты нәтижелер байқалмағанын, алайда келіссөздерден оң өзгеріс күтілетінін жеткізді.