Еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта Едіге Қасымбек финалға шықты. Ол алтын медаль үшін Польша балуаны Камиль Томаш Косьчолекпен белдеседі.
Бүгін, 16 шілдеде, Шамсат Таир, Нұрдәулет Қуанышбай (79 келіге дейін) және Зейнеп Баянова (50 келіге дейін) қола медаль үшін күреседі.
ҚР ҰОК мәліметінше, 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан жартылай финалға дейін жеткенімен, жарақатына байланысты белдесуге шыққан жоқ. Сондай-ақ ол қола медаль үшін өтетін белдесуге де қатыспайды.