Венгрияда электросамокатты пайдалану ережелері қатаңдатылады
Бұдан бөлек, электросамокатты мас күйде жүргізуге және оған екінші адамды отырғызуға тыйым салынады.
Венгрия үкіметі электросамокаттарды пайдалану тәртібін өзгертуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Euronews хабарлады.
Жаңа ережеге сәйкес, 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын самокаттарды ғана жүргізе алады. Сондай-ақ оларға қорғаныс дулығасын кию міндеттеледі.
Жылдам электросамокаттарды басқару үшін кемінде AM санатындағы жүргізуші куәлігі қажет болады. Олардың тротуармен жүруіне тыйым салынады. Ал жалға берілетін самокаттардың жылдамдығы сағатына 20 шақырыммен шектелмек.
Бұдан бөлек, электросамокатты мас күйде жүргізуге және оған екінші адамды отырғызуға тыйым салынады.
Ережені қатаңдатуға самокат жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының бір жылда 73 пайызға өсуі себеп болған. Жаңа талаптар бекітілмес бұрын қоғамдық талқылауға ұсынылады.