Венгрия 2022 жылдан бастап Sputnik V вакцинасын шығаруды жоспарлап отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венгрия коронавирусқа қарсы Sputnik V вакцинасын 2022 жылдан бастап шығаруға ниетті, деп мәлімдеді Венгрияның Сыртқы істер министрі Петер Сийярто.
Sputnik V вакцинасы болмағанда біз Еуропалық Одақтағы ең сәтті вакцинациялау науқанын жүргізе алмас едік, сондықтан біз Ресей мен Ресей үкіметіне және әсіресе Сыртқы істер министріне көрсеткен көмегі үшін алғыс айтқымыз келеді. Елде вакцина шығаратын цех Дебрецен қаласында салынады деп жоспарлануда. 2022 жылдың соңына қарай ресейлік лицензия бойынша вакцина шығаруға болады, – деді Петер Сийярто Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Ол осылайша Венгрияның өзге мемлекеттермен байланысы нығаятынын, сонымен қатар ел үшін сыртқы экономикалық пайданың арта түсетінін түсіндірді.
Сонымен қатар біз вакцинаны шетел нарығына да жеткізе аламыз, – деп қосты Петер Сийярто.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түлкібас ауданында екі туристік нысан іске қосылды
Өзгелердің жаңалығы