Венецияда бір күнге келетін туристерге салықты көтермек
Жаңа салық Венецияда түнеуді жоспарламайтын туристерге ғана қатысты болады.
Венеция билігі қалаға бір күнге ғана келетін туристер үшін алынатын алымды қазіргі 5–10 еуродан 30 еуроға дейін көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің бюджет жөніндегі кеңесшісі Микеле Дзурин мәлімдеді.
Оның айтуынша, алымды 50 еуроға дейін көтеру нұсқасы да қарастырылған. Алайда қазір билік 30 еуро көлеміндегі тарифке көбірек бейім болып отыр.
Егер мақсат бір күнге ғана келетін туристердің санын азайту болса, жоғары алым олардың бір күндік сапар үшін басқа жерді таңдауына себеп болады, – деді ол.
Қалалық әкімдік өкілі атап өткендей, үш жыл бұрын енгізілген және кезең-кезеңімен алынатын бұл алым бұдан әрі де өседі. Оның мөлшері маусымға байланысты белгіленеді. Мереке күндері және карнавал кезінде алым жоғары болуы мүмкін.
Жаңа салық Венецияда түнеуді жоспарламайтын туристерге ғана қатысты болады. Ал қалада бір немесе бірнеше түн қалатын туристер үшін салық қонақүйдің деңгейіне қарай есептеледі.