Венеция туризм саласына шектеу қоюы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венецияда бұл мәселе ең көп талқыланып жатқан тақырыптардың біріне айналды.
Коронавирус пандемиясы венециалықтардың туристерге деген көзқарасын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Қалай болғанда да, қазір қала билігі су жағасындағы туризмге шектеуді күшейту мүмкіндігін ойластырып отыр. Венецияда бұл мәселе ең көп талқыланып жатқан тақырыптардың біріне айналды, деп жазды ru.euronews.com.
Жергілікті тұрғындар мен шенеуніктер көшеде туристер шектес тыс көп болмаса, қаланың қалай өзгеретінін көрді.
Біз бір төтенше жағдайдан екіншісіне өттік. Бірнеше ай бұрын мұнда адам көп еді, ал қазір ол қаңырап бос қалды, - дейді "Венсия" қауымдастығының жетекшісі Матессо Сеччи.
Пандемиямен күреске қатысты шектеулер Венецияның туризмге негізделген экономикасына өзгеріс енгізді. Жыл сайын мұнда ондаған миллион турист келетін еді. Бірақ ақпан айының соңынан бастап қаладағы өмір тоқтап қалғандай, деп алаңдаушылық білдірді "Capisini Hotel Group" компаниясының иесі Марианна Серандрей.
Қала әкімдігі қазіргі жағдайды бұрыннан келе жатқан мәселені шешуге мүмкіндік ретінде қарастыруды ұсынады. Белсенділер қаланы туристерден қорғауға шақырды, қазір билік туристік сапарларға деген жағдайды өзгерту үшін келушілер санына күнделікті квота енгізуді ойластырып жатыр.
Реформаға сыни көзқарастағылар болса, туристік ағымның азаюына байланысты қаржылық шығынның артуы мүмкін дегенді алға тартып отыр.