Венесуэланың оңтүстігінде шахта құлады

Венесуэланың оңтүстігінде шахта құлап, 12 адам қаза тапты деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елдегі су тасқыны салдарынан кен орны опырылып түскен. Құтқарушылар 112 адамды аман алып шықты. Шахта Ориноко өңірінде Боливар штатында орналасқан. Мұнда толассыз жауған нөсер соңы тасқынға ұласып, ондаған үй мен білім ордалары су астында қалған. Құқық қорғаушылар бұрын бұл аймақтың қауіпті екенін бірнеше мәрте ескерткен.

Айта кетейік, Каллао алтын кеніші 19 ғасырда ашылған. Алғашқы 20 жылында британдық барлаушылар ол жерден миллионнан астам унция алтын алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Хабар24
Өзгелердің жаңалығы