Венесуэланың газ зауытында жойқын жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венесуэланың Монагас штатындағы Эль-Техеро қаласында PDVSA компаниясының кәсіпорнында жойқын жарылыс болды.

VTV CANAL 8 каналының мәліметіне сүйенсек, елдің өнеркәсіп және ұлттық өндіріс министрі Тарек Эль-Айссами бұл оқыс оқиғаны лаңкестік әрекет деп атады.

Теракт салдарынан газ құю зауытының операциялық орталығына да зардабын тигізді. Белгілі болғандай, ел Үкіметі жақын маңдағы тұрғындарды эвакуациялады.

Эль-Айссамидің сөзінше, лаңкестік шабуыл 19 наурыз күні Монагас штатындағы Эль-Техеро қаласында Эль-Техидо орталығында болды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Инфрақұрылымды қайта қалпына келтіру үшін арнайы бригадалар жұмыс жүргізіп жатыр.

Осыған дейін Венесуэла президенті Николас Мадуро коммуникациялық, энергетикалық және мұнай-газ нысандарына АҚШ тарапынан шабуыл жасалғанын бірнеше мәрте мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы