ЕО венесуэлалық босқындарға қол ұшын созуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақ өкілдері халықаралық қауымдастықты Венесуэладан қашқан босқындарға көмек көрсетуге шақырып отыр, деп хабарлайды 24.kz.
ЕО-дан хабарлағандай, халықтың жан-жаққа бас сауғалауына экономикалық және саяси дағдарыс себеп. Оның үстіне АҚШ-тың санкциялары халықтың онсыз да мәз емес жағдайын ушықтырып жіберген.Жалпы халықаралық ұйымдардың мәлімдеуінше, әлеуметтік және экономикалық түйткілдер кесірінен Венесуэладан 4,5 млн-ға тарта адам өзге елдерге кетіп қалған. Көбі көрші Колумбияны паналауда.
Сарапшылар мұны "Латын Америкасындағы ең ірі көші-қон дағдарысы" деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін еліміздің үш қаласында метеожағдай нашарлайды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы