Венесуэлаға 115 мигрант оралды
«Хабар 24» хабарлауынша Чили мен Перу шекарасында жағдай түзеле бастаған. Венесуэлаға гуманитарлық рейспен 115 мигрант оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұған дейін екі ел арасында жүздеген босқын шекарадан өте алмай жүрген еді. Олардың көбі – Чилиде жұмыс істеген Венесуэла азаматтары.
Алайда қазір Чилидің өзінде де инфляция шарықтап кеткендіктен, тұрмыс нашарлаған. Сондықтан біразы отанына оралып жатыр. Ал Перу талап еткен құжаттары болмағандықтан, шекарадан өте алмаған. Тіпті шекарашылармен қақтығыс та болған. Енді Венесуэла үкіметі азаматтарын ұшақпен әкетіп жатыр.
«Қатты қиналдым. Мұны ешкімнің басына бермесін. Шөлде қаталадық. Суықта 12 түн жаттым. Күндізгі аптапта балаларыма күн өтіп, ауырып қалды», – дейді Венесуэла тұрғыны Карлиана Браво.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматылықтар майдангерлерді еске алды
Өзгелердің жаңалығы