Венесуэладан әскерилер қашып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Венесуэлада көрші Колумбия мен Бразилияға қашқан әскерилердің саны артқан, деп хабарлады «Хабар 24».
Колумбия иммиграциялық қызметінің мәлімдеуінше, биыл жыл басынан бұл мемлекетке 1 мың 400 жауынгер, ал Бразилияға 60 әскери бас сауғалаған. Сарбаздардың шекара асуына Мадуро билігінің шерулерге қарсы күш қолдануы және мардымсыз жалақы себеп болған.Олардың айтуынша, елде төменгі шенді әскерилер күндерін әзер көріп отыр, ал жоғары басшылық контрабандамен айналысып жақсы өмір сүруде.
Сондықтан Мадуро билігіне қарсы шығуға ниетсіз. Бұған дейін Венесуэланың БҰҰ-дағы өкілі ақпан айында шетелге тек 109 жауынгердің қашқанын мәлімдеген еді.
«Мадуро халықты бақылауда ұстау үшін жоғары әскери басшылықтың барлық жағдайын жасап отыр. Әйтпесе әскерилердің төңкеріс жасауы мүмкін екенін біледі. Бірақ қазір наразылық шерулерін басатын сарбаздар азайып, жағдай шиеленісіп келеді», - деді венесуэлалық әскери.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы