Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: СІМ қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісіне байланысты пікір білдірді.
Ведомствоның ресми өкілі табиғи апат салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісі туралы хабардармыз. Табиғи апаттан қаза тапқандардың және зардап шеккендердің отбасыларына шынайы көңіл айтамыз, - деді ол брифингте.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түспеген.
Құзырлы органдардан зардап шеккен Қазақстан азаматтарына қатысты ешқандай ресми ақпарат келіп түскен жоқ. Сондай-ақ шетелдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне азаматтарымыздан көмек сұрап ешқандай өтініш түскен жоқ, - деді СІМ өкілі Ерлан Жетібаев.
Еске салайық, бұған дейін Венесуэлада екі бірдей жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланды.