11 Шілде 2026, 09:19 Фото: Reuters

Венесуэладағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 4 мыңнан асты

Биліктің мәліметінше, жойқын жер сілкінісінен 16 мыңнан астам адам жараланып, 17 мыңнан астам тұрғын баспанасыз қалған.

Венесуэла Ұлттық ассамблеясының (парламентінің) төрағасы Хорхе Родригес өзінің Telegram арнасында елдегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4 118 адамға жеткенін хабарлады.

Оның мәліметінше, 16 740 адам жарақат алған, ал 17 907 адам баспанасыз қалған. Табиғи апат салдарынан 190 ғимарат толық қирап, тағы 856 ғимаратқа елеулі зақым келген.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 6 462 адам құтқарылды. Барлығы 29 966 адам ауруханалар мен медициналық мекемелерде ем қабылдады. Зардап шеккен 86 794 отбасыға көмек көрсетіліп, оларға 9 766 тонна азық-түлік жеткізілді, – деп мәлімдеді Родригес.