Бүгiн 2026, 05:18
Фото: REUTERS/Leonardo Fernandez Viloria
Венесуэладағы жер сілкінісі: Қаза тапқандар саны 1450-ге жетті
Бұл – ел тарихындағы ең алапат табиғи апаттардың бірі.
Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1450-ге жетті. Табиғи апат салдарынан 3 мыңнан астам адам ауруханада ем алып жатыр.
Бұл туралы Венесуэла Ұлттық ассамблеясының спикері Хорхе Родригес мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша, жер сілкінісінен 1450 адам көз жұмған. Бұл – ел тарихындағы ең алапат табиғи апаттардың бірі.
Сондай-ақ, Ла-Гуайра штатындағы және өзге де жеті өңірдегі медициналық мекемелерде 3150 адам ем қабылдап жатыр. Жалпы апаттан зардап шеккендердің саны 12 721 адамға жеткен.
Еске салайық, 24 маусымда Венесуэлада магнитудасы 7,5-ке жеткен күшті жер сілкінісі болды. Бұл – 1900 жылдан бергі ең қуатты жер сілкінісі саналады.