20 Шілде 2026, 11:51 Фото: Reuters

Венесуэладағы апаттан қаза тапқандар саны 5 мыңнан асты

Жойқын жер сілкінісінен 16 740 адам зардап шегіп, 6 мыңнан астам тұрғын үйінді астынан құтқарылды.

Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5 119 адамға жетті, тағы 16 740 адам зардап шекті, деп хабарлайды Bloomberg.

Жергілікті биліктің мәліметінше, жараланғандар саны 5 шілдеден бері өзгермеген және 16 740 адамды құрайды. Үйінді астынан барлығы 6 462 адам құтқарылған.

Еске салайық, 24 маусымда Венесуэлада 2 рет жер сілкінді. Зілзаланың магнитудасы 7,2 және 7,5 баллға жетті 190 ғимарат толығымен қирап, тағы 856 нысанға айтарлықтай зақым келген. 21 мыңнан астам адам әлі де уақытша лагерьлерде тұрып жатыр.

Бұл жер сілкінісі Венесуэлада 1900 жылдан бері болған ең күшті зілзала деп танылды.