Венесуэлада «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венесуэла билігі елде «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталғанын хабарлады. 

Барлық 7 адам шетелден келген. Науқастар Панама, Испания және Доминикан Республикасынан оралған. Сонымен бірге ел Президенті Николас Мадуро 3 қаңтардан бастап Венесуэла ревакцинацияны бастайды деп мәлімдеді. Бұл ретте «Спутник Лайт» қолданылатын болады.

Зерттеу нәтижелері бойынша «Спутник V» вакцинасы әлемде «омикрон» нұсқасына қарсы тиімді. Сондықтан мен Венесуэла коронавирусқа қарсы үдеткіш дозалармен иммундауды бастайды деп хабарлаймын. Біз «Спутник Лайт», (Кубалық) Abdala және Қытай вакцинасын пайдаланамыз, - деді Мадуро.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы