Венесуэлада кәсіпкерлер отырған ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венесуэлада жекеменшік ұшақ құлап, тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы РИА Новости елдің бас прокуроры Тарек Уильям Саабқа сілтеме жасап хабарлады.

Агенттіктің жазуына қарағанда, апат Венесуэланың астанасы Каракас қаласындағы әуежайдан 8 шақырым жерде болған.

Қайтыс болғандардың барлығы Венесуэла азаматтары екен. Жергілікті БАҚ хабаралуынша, әуе кемесінде жергілікті кәсіпкерлер болған. Олар инвесторлармен кездесуге ұшқан екен. 

Қазір әуе апатының себебін анықтау үшін тергеу басталды. Ұшақ елдің оңтүстігіндегі Боливар штатынан астанаға ұшқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы