Венесуэлада халықты вакцинациялау енді басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венесуэлада халықты вакцинациялау енді қолға алынды, деп жазды mir24.tv.

Үкімет бірнеше айдан бері қаржының тапшылығынан халықты коронавирусқа қарсы иммунизациялауды кейінге шегеріп келген болатын.

Халық ресейлік «Спутник V» вакцинасымен қатар, қытайлық препаратты да алып жатыр. Ел астанасы Каракаста вакцина алу үшін ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Мұнда алдымен медицина қызметкерлері мен қарт адамдарға басымдық берілуде.

Вакцинаға қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. Қанша айдан бері вакцинаны күтіп жүрдік. Әзірге ұйымдастыру жұмыстарында бірқатар олқылықтар бар, дегенмен біз оны еңсеріп күніне мың адамға дейін вакциналау көрсеткішіне жетеміз, - дейді вакцинациялау орталығының ұйымдастырушысы Роде Лонга.

Үкіметтің түсіндіруінше елде вакцина алуға қаржының тапшылығы АҚШ-тың санкциялары себебінен туындаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы