Венесуэлада халық вакцина орталығының алдына ереуілге шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венесуэланың Каракас қаласында халық екпе егу орталығының алдында ереуілге шықты.
Жиналғандардың арасында егде жастағы тұрғындар көп. Наразылар биліктен коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын талап етті. Мәселен, көбі осыдан 4 ай бұрын Sputnik V препаратының бірінші дозасын ғана қабылдаған болатын.Ресейлік мамандардың айтуынша, Sputnik V вакцинасының екі компоненті арасында 180 күнге дейін ғана кідіріс жасауға болады.
Айта кетейік, Венесуэлада көбіне ресейлік Sputnik V мен қытайдың Sinopharm препараты қолданыста. Бүгінде ел тұрғындарының 15 пайызы ғана толық егілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы