23 Шілде 2026, 04:15 Фото: Reuters

Венесуэла мұнайы АҚШ қазынасын 13 млрд долларға толықтырды

Қаңтар айынан бері экспортталған венесуэлалық мұнайдың құны шамамен 11,5 миллиард долларды құраған.

АҚШ 2026 жылдың басынан бері Венесуэла мұнайын сатудан 13 миллиард доллардан астам табыс тапқан. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады.

Басылым мәліметінше, қаңтар айынан бері экспортталған венесуэлалық мұнайдың құны шамамен 11,5 миллиард долларды құраған. Алайда мұнай бағасының қалыптасу үрдісін ескере отырып, жыл қорытындысы бойынша жалпы табыс 13 миллиард доллардан асады деп күтілуде.

Сондай-ақ Венесуэла мұнайының экспорты АҚШ-тың бақылауында екені айтылған. Басылым президент Николас Мадуроның ұсталғанынан кейін ел тізгінін вице-президент Делси Родригес қолға алғанын жазады.

Бұдан бөлек, биыл наурыз айында АҚШ Қаржы министрлігі Венесуэланың мемлекеттік PdVSA компаниясының қатысуымен АҚШ нарығына мұнай жеткізуге қатысты бірқатар мәмілелерге рұқсат берген. Осылайша, Венесуэлаға қатысты санкциялармен шектелген кейбір операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасалған.