Венесуэла Израильге мұнай жеткізе бастады
Венесуэла бірнеше жылдық үзілістен кейін Израильге мұнайдың алғашқы партиясын жөнелтті. Бұл туралы BAQ.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, жүк Израильдегі ең ірі мұнай өңдеуші компания – Bazan Group үшін тасымалдануда.
Агенттіктің дерегінше, соңғы бір айда Венесуэла мұнайының басым бөлігі Үндістан, Испания және АҚШ-тағы сатып алушыларға сатылған.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Венесуэланың мұнай қоры әлемдік қордың 68 пайызын құрайтынын мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде жолаушылар ұшағында интернет пайда болады
Өзгелердің жаңалығы