Венесуэла билігі мен оппозиция арасында келіссөздің үшінші кезеңі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барбадос аралында Венесуэла билігі мен оппозиция арасында келіссөздің үшінші кезеңі басталды. Бұл туралы осы елдің президенті Николас Мадуро мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Мақсат - тараптар арасындағы келіспеушілікті шешіп, елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылау.Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында Венесуэладағы жағдай ушығып, Ұлттық Ассамблеяның спикері Хуан Гуайдо елдегі билікті уақытша қолға алатынын жариялады. АҚШ бастаған көптеген мемлекеттер оппозиция жетекшісін уақытша президент деп танып, жағдай шиеленісті. Ал бірнеше айға созылған толқулардан кейін 9 шілде күні Норвегия үкіметінің қатысуымен қос тарап Барбадос аралында алғашқы келіссөзді бастаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы