Венесуэла АҚШ-пен есірткі саудасына қарсы күрес туралы талқылауға дайын

Венесуэла билігі АҚШ-пен есірткі трафигіне қарсы ынтымақтастық және мұнай секторына америкалық инвестициялар мәселесін талқылауға дайын. Бұл туралы ел президенті Николас Мадуро мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, егер Вашингтон есірткі саудасына қарсы келісімді байыпты түрде қарастыруға ниетті болса, Каракас диалогқа ашық. Сондай-ақ Венесуэла Chevron секілді америкалық компаниялардың мұнай саласына инвестиция салуына қарсы емес.

Мадуро АҚШ-тың Венесуэлаға есірткі өндірісімен жеткілікті күреспейді деген айыптауларын негізсіз деп атап, бұл мәлімдемелердің саяси сипатта екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Matias Delacroix / AP Photo
Өзгелердің жаңалығы