19 Қараша 2026, 05:18 Фото: depositphotos.com

Венесуэла АҚШ-пен әскери әріптестікті дамытуға дайын екенін мәлімдеді

Родригес бұл пікірін АҚШ-тың соғыс министрі Пит Хегсетпен Мирафлорес президенттік сарайында өткен кездесуде айтты.

Венесуэла мен АҚШ арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық екі елде ғана емес, бүкіл Батыс жарты шарда бейбітшілікті қамтамасыз етуге қызмет етуі керек. Бұл туралы Венесуэланың уәкілетті Президенті Дельси Родригес мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Родригес бұл пікірін АҚШ-тың соғыс министрі Пит Хегсетпен Мирафлорес президенттік сарайында өткен кездесуде айтты. Оның сөзінше, әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім және екі ел арасындағы мұнай саласындағы уағдаластық ортақ қауіп-қатерлерге қарсы күресуге, бейбітшілікті сақтауға және Венесуэланың дамуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ол ұлттық Қарулы күштердің дайындығын күшейту, оларды заманауи техникамен жабдықтау және жаңа технологияларға қол жеткізу үшін әскери-техникалық байланыстарды қалпына келтірудің маңызын атап өтті.

ТАСС мәліметінше, 3 қаңтарда АҚШ Венесуэладағы азаматтық және әскери нысандарға соққы беріп, ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті ұстап, АҚШ-қа алып кеткен. Қазіргі уақытта мемлекет басшысының міндетін Мадуро тұсында вице-президент болған Дельси Родригес атқарып отыр. Мадуро мен оның жұбайы есірткі саудасына қатысы бар деген айыпты мойындамаған.