25 Қыркүйек 2023 2023, 16:59
Фото: - архив
Венада Қазақстан атом энергиясының бейбіт мақсатта пайдалануы талқыланбақ
Венада Қазақстан атом энергиясының бейбіт мақсатта пайдалануы талқыланады.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
25-29 қыркүйекте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған Қазақстан делегациясы атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Венада өтіп жатқан бас конференциясының 67-сессиясына қатысады. Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы әлеуетін көрсету мақсатында “Қазатомпром” АҚ, Ұлттық ядролық институты мен Ядролық-физикалық институты ақпараттық стенд-павильон ұйымдастырды,- деді Айбек Смадияров министрліктің баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ Смадияров конференция аясында МАГАТЭ-мен ынтымақтастық бойынша іс-шаралар қарастырылғанын, елімізден Алмасадам Сәтқалиев басқа ұлттық компаниялар мен МАГАТЭ-нің басшысымен екіжақты кездесулер өткізетінін атап өтті.