Велоспорттан Азиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда (Қытай) Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл аламанға велоспорттан Қазақстан құрамасы үш жарыс түрінен бақ сынайды: тасжол, трек және маунтинбайк.
Шосседе ерлер арасында Алексей Луценко, Дмитрий Груздев, Евгений Федоров пен Глеб Брусенский бар. Төрт спортшы да топтық жарыста бақ сынайды. Солардың арасында Алексей Луценко жекелей сында өнер көрсетеді.
Луценко – 2014 және 2018 жылдардағы Азия ойындарының жеңімпазы.
Әйелдер арасында топтық сында Рината Сұлтанова мен Махаббат Үмітжанова жарыс жолына шығады. Сонымен қатар Рината Сұлтанова жекелей сында да өнер көрсетеді.
Ал маунтинбайкте Қазақстан намысын Денис Сергиенко, Егор Карасев, Алина Сарқұлова мен Татьяна Генелева қорғайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балық аулауға кеткен атыраулық азаматтың мәйіті табылды
Өзгелердің жаңалығы