Велосипедтің "тұтқынына" айналған бала құтқарылды

Өскеменде құтқарушылар саусағы велосипедтің шынжырында қысылып қалған балаға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

112 желісіне тоғыз жасар баланың анасы уайымдап, қоңырау шалған. Айтуынша, баласы велосипед теуіп жүргенде оның саусағы шынжыр мен жұлдыздың арасында қысылып қалған.

Бала саусағын өз бетінше босата алмаған және анасы да оған көмектесе алмаған.

Бірнеше минуттан кейін келген ТЖМ құтқарушылары екеуін де тыныштандырып, артқы доңғалақты шешіп, шынжыр босаған кезде, баланың саусағын босатты. Оған медициналық көмек қажет болмады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы