Велосипедпен лифтіге кірмек болған бала шахтаға құлап түсті

Атырау қаласында 11 жасар бала лифтіге велосипедпен кірмек болып, шахтаға құлап түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға лифт есігі автоматты түрде жабылған сәтте болған. Бала сыртта қалып қойған, ал велосипеді жартылай лифтке кіріп тұрған. Кабина мен есік арасына қысылып қалған велосипед лифт қозғалған кезде жоғары көтеріле бастайды. Сол сәтте бала велосипедке жармасқан. 

Алайда лифт жоғары көтерілген кезде есік қайта ашылып, бала шахтаға құлап кеткен.

2025 жылғы 27 маусымда Атырау қаласында, Береке ықшам ауданындағы №23 үйде лифтті пайдалану кезінде кәмелетке толмаған баланың қатысуымен оқыс оқиға тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, лифт көтеріліп келе жатқан сәтте жабдықтың жұмысында ақау пайда болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Медициналық көмекке жүгінгендер болмады. Лифт тұрғындардың ортақ меншігі. Қазіргі уақытта жабдықтың қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспардан тыс техникалық тексеру жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді Атырау қаласының әкімдігі. 

Еске салайық, бұған дейін астаналық қыз лифтте қалып қойғанын жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы