Велошабандоз «Тур де Франс» кезінде көрерменге соғылып, мойнын сындырып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Итальяндық TotalEnergies командасының велошабандозы Даниэль Осс «Тур де Франс-2022» кезінде көрерменге соғылып қалды.

Апат салдарынан ол мойнын сындырып алған деп жазады gazeta.ru.

Итальяндық спортшы велосипедпен Аренбергке Лилляның бесінші кезеңінің №3 секторында келе жатқан. Кейбір жанкүйерлер жарысты тасжолға тым жақын тұрып тамашалағандықтан Осс оларға басымен соғылып қалды. 

Велошабандоз кезеңді аяқтағанымен, мойнынан алған жарақатымен алтыншы кезеңнің жарыс жолына шыға алмады. 

Кейін 35 жастағы спортшының командасы Осс «Тур де Франстан» шығатынын мәлімдеді.  

Қосымша тексерулер кезінде омыртқасының сынғаны анықталды. Сол үшін Даниэль Осс «Тур де Франстан» шығып, емделеді, - делінген TotalEnergies таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы