Вегетациялық кезеңге дайындық аясында 110 су шаруашылығы жөндеуден өтеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетациялық кезеңге дайындық аясында 110 су шаруашылығы нысанын жөндеуден өткізуге ниетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл тасымалдау кезіндегі су шығынын азайтуға және суармалы алқаптарды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін жасалады.
Сондай-ақ, вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін 63 шақырымнан астам су арнасы механикалық тәсілмен тазаланады.
Осыған дейін министрлік 2023-2024 жылдарға арналған вегетация аралық және вегетациялық кезеңдердегі жұмыс жоспарын бекіткен болатын. Бүгінгі таңда облыс әкімдіктерімен бірлесіп вегетациялық кезеңге дайындық жұмыстары пысықталып жатыр.
2024 жылғы вегетациялық кезеңді ойдағыдай өткізу үшін еліміздегі барлық су шаруашылығы нысандарының су жинауға дайындығы зерттелді. Бүгінгі таңда, аймақтық филиалдар дәнді-дақылдарды әртараптандыру және субсидиялау мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен түсіндіру жұмысын жүргізуде, - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.