"Вечерний Ургант" бағдарламасына қатысқан Димаш жүргізушіге шапан жапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген Бірінші арнадағы "Вечерний Ургант" бағдарламасына қатысты.
Аталмыш бағдарлама кеше Бірінші арнадан көрсетілді. Димаш Құдайберген бағдарламаға композитор Игорь Крутоймен және мәнерлеп сырғанау шебері, Олимпиада чемпионы Аделина Сотниковамен бірге келді.
Бағдарлама көрермендері Димашты жылы қабылдады. Эфир басталысымен 5 минут бойы Димашқа қошемет көрсетілді. Қазақстандық әнші жүргізушіге сыйлық ретінде шапан жапты.
"Бізде құрметті адамдарға шапан сыйлайды. Осы сәтті пайдаланайын дедім", - деді Димаш.
Өз кезегінде әзілқой Ургант шапан жапқанына қуанып қалды.
"Мұндай зат менде және Николас Кейджда ғана бар", - деп әзілдеді бағдарлама жүргізушісі.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің әйгілі "Вечерний Ургант" бағдарламасына қатысатыны хабарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қуат Хамитов Сочиде жекпе-жек өткізеді
Өзгелердің жаңалығы