Вайнер Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі тағы ұзартылды

Вайнер Мейіржан Төребаевтың қамаудағы мерзімі 17 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлады BAQ.KZ Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 17 қыркүйекте сот шешімімен Төребаевқа қатысты материалдармен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 17 қазанға дейін бір айға ұзарту туралы өтінішхатты қанағаттандырған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, –  делінген Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарламасында.

10 ақпанда ҚР Қылмыстық кодексiнің 217-бабымен ("Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару") қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

11 сәуірде Астанада ҚР Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында қаржы пирамидасының қатысушысы өзін-өзі өртеп жіберді. Оқиғаға қатысты түсініктеме берген Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев жәбірленушінің тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтты.

18 тамызда Мейіржан Төребаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы 30 тәулікке – 18 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы