Ватикан: Рим папасының жағдайы күрт нашарлады
Рим папасы Францисктің жағдайы күрт нашарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екі аптадан астам уақыттан бері ауруханада жатқан Рим папасына жіті тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта ол өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстауда.
Ватиканның мәліметінше, бұған эндобронхиалды шырыштың жиналуы себеп болған. Осылайша, дерт бронхоспазмаға ұласқан.
Дәрігерлер бронхоскопия жасап, науқасты инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына қайта қосты.
Рим папасы қатты науқастанса да, ақыл-есін біледі, - дейді дәрігерлер.
Еске салайық, Ватикан бұған дейін де Рим папасының хал үстінде жатқанын айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Зеленский соңғы жайтқа өкінетінін айтсын": Ақ үй шарт қойды
Өзгелердің жаңалығы