Ватикан діндер диалогын насихаттайды
Осы жылы 10-11 қазанда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезі Хатшылығының ХХІ отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Съезд қарсаңында Қазақстан Республикасының елшісі Қайрат Саржанов Қасиетті Тақтың Дінаралық диалогы бойынша Дикастерия Ислам мәселелері бюросының басшысы Монсиньор Халед Акашемен кездесті.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат Ватикан тарапына Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысын жан-жақты қолдағаны үшін алғысын білдіріп, өткен жылдың қыркүйегінде Астанада өткен Съезге Рим Папасы Францисктің қатысуының тарихи маңыздылығын атап өтті.
Х. Ақаше алдағы іс-шараға жұмыс тобының мүшесі және Съезд Хатшылығының тұрақты қатысушысы ретінде қатысатынын растап, Астана конфессияаралық диалог алаңының маңыздылығын және «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын» қабылдағанын атап өтті.