Отандық ватерполшылар әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кванджуда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Су добынан ерлер арасындағы сында Қазақстан командасы алғаш рет жеңіске жетті. Бұл туралы ҚР ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.  

"Қазақстандықтар Оңтүстік Кореямен кездесіп, 17:4 (4:1, 4:2, 7:0, 2:1) есебімен басым түсті. Бұл Шведов шәкірттерінің Кванджудағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін біздің команда Хорватия, Австралия және АҚШ-қа есе жіберген болатын", - делінген хабарламада.  

Келесі кездесу Қазақстан мен Бразилия арасында өтеді. Екі команда 13-ші орынға таласады.  

Матч 23 шілдеге жоспарланған. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында жүзуден жарыс басталды. Бірінші жарыс күнінде команда көшбасшысы Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадсының нормативін орындап, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы