Василий Левит те Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасының Азия және Мұхит жағалаулары елдері арасындағы іріктеу турнирі шешуші кезеңіне таяды. 

Бүгін  үш бірдей боксшымыз Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. 

Алғашқы айқасын ширек финалдан бастаған жерлесіміз Василий Левит Тәжікстан спортшысы Эрдэнэбаяр Сандагсүрэнмен (Ерденебайыр Сандыгсүрен) жұдырықтасып, қарсыласын айқын басымдықпен ұтып жартылай финалға шықты. Бұл салмақта тек жартылай финалға шыққан боксшылар ғана Олимпиада ойындарына жолдама алады.

Осылайша Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының (2017, 2019) екі дүркін қола жүлдегері және 2009, 2015, 2017 жылдары Азияның үш дүркін чемпионы атанған Левит қазақ боксшылары арасынан үшінші болып Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алды. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов және 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов сынды екі бірдей боксшымыздың Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы