Василий Левит бокстан Азия чемпионатында медаль тағудан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Василий Левит Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатының финалында төрешілердің біржақты төрелік еткені үшін медаль тағудан бас тартты.

Vesti.kz хабарлағандай, турнирдің финалында 91 келіге дейінгі салмақта ол төрешілілердің даулы шешіміне тап болды. «Алтын» Үндістаннан келген боксшы Санджитке берілді. Марапаттау кезінде Левит медаль тақпай нәтижемен келіспейтіндігін білдірді.

Осы Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы бірде-бір алтын алмады. «Күмісті» Даниял Сәбит (49 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) жеңіп алды.  Сәкен Бибосынов «қола» медаль алды (52 келі).


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы