Вашингтонда Семей полигонының жабылуына арналған фотокөрме өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ астанасында Семей ядролық полигонының жабылуына арналған арнайы фотокөрме өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Еліміздің Вашингтондағы елшілігінде ұйымдастырылған шараға ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханов бастаған бір топ делегация қатысты. Келген қонақтардың арасында шетелдік дипломаттар, АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды өкілдері, адам құқықтарын қорғау ұйымдары мен зерттеу орталықтарының жетекшілері, сонымен қатар халықаралық ірі компаниялардың басшылары да қатысты. 

Естеріңізге салайық 29 тамызда полигонның жабылғанына 30 жыл толады.

Семей полигонының жабылуының 30 жылдығын атап өту өте маңызды шара деп ойлаймын. Өйткені әлем үшін мұндай маңызды шешімді қабылдау жүгі Қазақстанға берілді. Ал Қазақстан ол уақытта өте жас мемлекет еді. Дегенмен, Назарбаевтың көшбасшылығымен барлығы сәтті аяқталды. Қазақстанның 30 жыл ішінде тәуелсіз, адам құқықтарын қорғайтын жан-жақты мемлекетке айналғанына әлі де таңданамыз. Бұл әрине, қазақ халқының және сол кездегі Үкіметтің дұмыс шешім қабылдауының арқасы, – дейді АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орта Азия істері бойынша көмекшісінің орынбасары Джонатан Хеник. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы