Бүгiн 2026, 05:18
Фото: depositphotos.com
Вашингтонда Ливан – Израиль келіссөздерінің жаңа раунды өтті
Келіссөздер барысында тараптар шекаралық мәселелерді реттеу тетіктерін де қарастырған.
Вашингтонда өткен келіссөздердің үшінші раунды аясында Ливан мен Израиль делегациялары атысты тоқтату режимін ұзарту мәселесін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Келіссөздер барысында тараптар шекаралық мәселелерді реттеу тетіктерін де қарастырған. Кездесуге дипломаттар мен әскери сарапшылар қатысқанымен, ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Ақпаратқа сәйкес, Ливан жағы Израильмен қауіпсіздік шаралары жөнінде келісім жасауға ұмтылып отыр. Алайда Бейрут толық бейбіт келісім мен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мәселесінде әлі нақты шешімге келген жоқ.
Келіссөздер АҚШ әкімшілігінің қолдауымен жалғасуда. Бұған дейінгі раундтар нәтижесінде атысты тоқтату режимі енгізіліп, кейін уақытша ұзартылған болатын.